Павлодардағы аялдамада құшақтасып жатқан екі ер адам елдің назарын аударды

17.09.2026 19:08 Қарақат АСЫЛОВА
Павлодардағы аялдамада құшақтасып жатқан екі ер адам елдің назарын аударды
376
Видеодан кадр

Павлодардағы аялдамалардың бірінде болған жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Желіде тараған видеодан екі ер адамның аялдама ішінде еденде мас күйде жатқанын көруге болады.

Кадрларда ер адамдардың бір-бірін құшақтап, еденде жатқаны байқалады. Сонымен қатар аялдаманың бірнеше әйнегі сынғаны көрініп, нысанның жағдайы да тұрғындардың назарын аударған.

Видео тарағаннан кейін полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады. Олар Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілген.

Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде ер адамдарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған. Оларға ұсақ бұзақылық жасағаны, сондай-ақ алкогольдік ішімдік ішкені немесе қоғамдық орында мас күйде болғаны бойынша құқық бұзушылықтар тіркелді.

Қазіргі уақытта жиналған материалдар соттың қарауына жолданды.

Войдите, чтобы оставить комментарий