“Перизат Қайрат ісі”: Сотталушыларды тыңдау жабық форматта өтіп жатыр

“Перизат Қайрат ісі”: Сотталушыларды тыңдау жабық форматта өтіп жатыр
Фото: Instagram/ 01pk

Алаяқтық ісі бойынша сотта Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваның адвокаттары тыңдалып жатыр. Процесс жабық өтуде, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұған дейін 47 жәбірленуші түсініктеме берген. Пікір екіге бөлінді: бір тарап Перизаттың анасының жасы мен денсаулығын ескеру қажет десе, екінші тарап оны қатаң жазаға тартуды талап етуде.

«Осындай жағдайлардың кесірінен қайырымдылыққа деген сенім әлсіреді»,-дейді зардап шеккендер.

«Ыбырай Ақтөбе» қорының өкілі 500 мың теңге аударғанын айтып, моральдық шығынның өтелуін талап етті. Ал жәбірленуші Антон Ким де дәл осы соманы аударғанын атап өтті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу