Перзентханада екі медбикеге пышақпен шабуыл жасалып, бірі қаза тапты
Өзбекстанның Ферғана облысы Құштепа ауданындағы перзентханада екі медбикеге пышақпен шабуыл жасалып, олардың бірі қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға аудандық перзентханада болған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел екі медбикені бөлмеге қамап, оларға пышақпен бірнеше рет соққы жасаған. Салдарынан медбикелердің бірі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Екінші медбикеге шұғыл медициналық көмек көрсетілген.
Өзбекстан Бас прокуратурасының мәліметінше, оқиға бойынша Құштепа аудандық прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 97-бабы — қасақана адам өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғаған. Күдікті ұсталған.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Шабуылға не себеп болғаны және күдіктінің нақты мотиві әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...