Петропавлда 2 жастағы бала шемішке дәнін жеп қайтыс болды

Петропавлда 2 жастағы бала шемішке дәнін жеп қайтыс болды

13 маусымда Петропавл қаласында 2 жастағы бала шемішкеге тұншығып қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Қайғылы оқиға Бірлік шағын ауданында болған. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. 

"13 маусымда Петропавлдағы Бірлік шағын ауданында шемішке дәніне тұншығып, екі жасар бала қайтыс болды",-деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу