Петропавлда әйел адам қонаққа келген ер адамды пультпен ұрып өлтірді
1364
Петропавл қаласында болған жанжалдың соңы өліммен аяқталды
Петропавл қаласында тұрмыстық жанжал қайғылы жағдайға ұласты. 52 жастағы ер адамның соңғы күні танысының үйінде басталып, ауруханада аяқталды, деп хабарлайды Politico.kz сайты HALYQSTAN-ға сілтемемен.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 58 жастағы әйел өз үйінде қонағын қабылдаған. Таңертең екеуінің арасында жанжал туындап, ер адам бірінші болып күш қолданғаны айтылады. Артынша әйел қолына теледидар пультін алып, бірнеше рет соққы жасаған.
Оқиғадан кейін ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер он күн бойы оның өмірі үшін күрескенімен, ауыр бас-ми жарақаты салдарынан аман алып қалу мүмкін болмаған.
Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ретінде 58 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жалғасуда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
11:53
Алматыда 50-ге жуық оқушы ауруханаға түсті: ме...
14.10.2026
11:38
«Менің өткен өмірім жоқ»: Дариға Бадықова өткен...
14.10.2026
11:26
Астанадағы балабақшада тәрбиешінің көмекшісі ба...
14.10.2026
11:23
Латвия Қайрат Боранбаевтың бұғатталған активтер...
14.10.2026
11:05
«Асқазанын емдеді»: Қызылордада 14 жастағы қызд...
14.10.2026
10:55
«Артында жүкті әйелі мен баласы қалды»: Алматыд...