Петропавлда полицейлер көшеде есінен танған зейнеткердің өмірін сақтап қалды

14.03.2026 16:07 Қарақат АСЫЛОВА
Петропавлда полицейлер көшеде есінен танған зейнеткердің өмірін сақтап қалды
146
Видеодан кадр

Петропавл қаласында полицейлер көшеде өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған қарт әйелдің өмірін сақтап қалды. Олар жедел жәрдем келгенше әйелге жүрекке жанама массаж жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеткен, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Видео авторы полиция қызметкерлеріне алғыс білдіріп, олардың дер кезінде әрекет етіп, адамның өмірін құтқарып қалғанын жазған. Желі қолданушылары да пікірлерде полицейлерге ризашылықтарын білдіріп, өздері куә болған көмектерін еске алған.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 12 наурыз күні сағат шамамен 14:00-де болған. Патрульдік полиция батальоны взводының командирі Тимур Байгужинов Интернациональная көшесінде автопатрульдердің жұмысын тексеріп жүрген кезде, инспектор Жанболат Кемел жақын маңдағы «Жанар» дүкенінің жанында тротуарда жатқан қарт әйел туралы хабарлаған.

Полицей дереу оқиға орнына барып, әріптесімен бірге әйелдің жағдайын тексерген. Алғашында олар зейнеткермен сөйлесіп, тыныштандырып, жедел жәрдемнің келе жатқанын айтқан. Алайда көп ұзамай әйел есінен танып, жүрегі тоқтаудың белгілері байқалған. Осы сәтте Тимур Байгужинов дереу жүрекке жанама массаж жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Біраз уақыттан кейін әйел қайтадан тыныс ала бастаған.

Кейін полицейлер зейнеткерді келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Ал өздері қызметтік міндеттерін жалғастыру үшін қайтадан патрульге шыққан.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий