«Өсекке тоймады-ау». Гүлзира Айдарбекова атышулы Бағдагүл емшіге шүйлікті
264
Танымал продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова желіде жалған ақпарат таратып, өзіне балағат сөздер жаудырған атышулы Бағдагүл емшіге ашынып жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Продюсердің айтуынша, емші Шымкентте өткен концерттегі жағдайға қатысты орынсыз араласып, ел ішінде негізсіз қауесет таратқан.
«Бағдагүл сын айтумен де, адам өлімі болды деп ақпарат таратумен де болды. Одан бөлек, «жалмауыз» деп балағат сөздермен видеоны сторисіне салуы – тым артық! Басына тимейді екен, біреуді қаралаумен, мазақ қылумен, өсекке тоймады-ау», — деді ашуға булыққан Айдарбекова.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың Шымкент қаласында өткен концерті үлкен дауға ұласқан еді. Көрерменнің шектен тыс көптігінен келеңсіз оқиғалар орын алып, 18 жастағы бойжеткен ауруханаға түскен болатын. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, концертті ұйымдастырушы қамауға алынды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
11:11
«Арада тура 32 жыл өтті»: Әли Оқапов марқұм әк...
13.10.2026
10:44
Танымал қазақ ақыны өмірден өтті
13.10.2026
10:18
Қостанайда әйелді көлік қағып өлтірген
13.10.2026
10:11
«Өсекке тоймады-ау». Гүлзира Айдарбекова атышул...
13.10.2026
10:00
«Яндекс Go» өшкенде, inDrive такси бағасын үш е...
13.10.2026
09:51
«Онда шетел әншілеріне барып жүре беріңдер»: Қа...