Премьер-министр Олжас Бектенов барша қазақстандықтарды Наурызбен құттықтады
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтады, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол құттықтауында мерекенің ырыс пен ынтымақтың, ізгілік пен берекенің символы екенін атап өтті.
Премьер-министр биылғы жылы еліміз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асып жатқан ауқымды өзгерістер мен дамудың жаңа кезеңіне нық қадам басқанын ерекше атап өтті. Жаңа Конституция ұлттық дәстүріміз бен мәдениетімізді ұлықтап, Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта бермек.
Ол ұлыстың ұлы күні халқымыздың бірлігін арттырып, бейбіт өмір мен елдік жолындағы арман-мұраттарға жеткізсін деп тіледі. Сондай-ақ, Әз-Наурыз әр шаңырақты құт-берекеге бөле, ырзық-несібеге кенелтсін деп ойлады.
Премьер-министр барша қазақстандықтарға зор денсаулық, отбасыларына баянды бақыт тілеп, Ұлыс оң, ақ мол болсын деп тіледі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...