«Президент болса да қарапайым»: Ердоғанның қарапайым әрекеті желі қолданушыларын тәнті етті (ВИДЕО)
Ердоған кортежін тоқтатып, адамдармен амандасты
Әлеуметтік желіде Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның Түркістандағы кортежіне қатысты видео кеңінен тарады, деп хабарлайды Politico.kz.
Кадрларда мемлекет басшысының жол жиегінде тұрған адамдарға тоқтап, олармен тілдескені байқалады. Бейнежазбада жиналған жұрт Ердоғанға қол бұлғап, естелік суретке түсуге тырысқан. Түркия лидері де халықпен еркін сөйлесіп, олардың ықыласына жауап берген.
Желі қолданушылары бұл сәтке жылы пікір білдіріп, Ердоғанның қарапайымдылығы мен халыққа жақындығын атап өтті. Көпшілік оны ашық мінезді әрі елмен етене араласатын көшбасшы ретінде сипаттаған.
Бұған дейін Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоған да астаналықтардың назарын аударған еді. Ол Астанадағы ірі сауда орталықтарының біріне барып, жергілікті өнімдер қойылған бөлімдерді аралаған. Эмине Ердоған бал, кептірілген жеміс-жидек пен қазақстандық өндірушілердің тауарларын тамашалаған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...