Таяу Шығыстағы жағдайдың салдарын көршілес аймақ елдері де сезіне бастады – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол әлемдік және аймақтық деңгейдегі бәсеке күшейіп бара жатқанын айтып дабыл қақты.
«Біз халықаралық геосаяси ахуал аса күрделі және құбылмалы дәуірді бастан өткерудеміз. Әлемдік және аймақтық деңгейдегі бәсеке күшейіп барады. Қарулы қақтығыстар, соғыстар толастар емес. Мұның бәрі әлем экономикасына кері әсер етіп жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Таяу Шығыстағы жағдайдың салдарын көршілес аймақ елдері де сезіне бастады», - деді Тоқаев.
Президент өз сөзінде алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды екенін айтты.
«Осындай алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды. Себебі халықтарымызға ортақ сан ғасырлық шежіреміз бар. Қазіргі таңда түркі елдері заман талабын ескеріп, экономика және инвестиция саласындағы ықпалдастықты нығайтуы керек, ортақ мүдде жолында күш жұмылдыруға тиіс деп санаймын», - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Соңғы жаңалықтар