Президент Әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық спортшыларды жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Президент өзінің Instagram парақшасында ұлттық құраманың керемет нәтиже көрсеткенін атап өтті.
«Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды. Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!», – деп жазды Мемлекет басшысы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды
20.10.2026
17:05
Серік Ибрагимов 50 жасқа толған Мейрамбек Бесба...
20.10.2026
16:50
Павлодарда апалы-сіңлілі екі баланы зорлап, ВИЧ...
20.10.2026
16:05
"Ер адам әйелінің маңдайынан сүйген": Сауд Араб...