Президент «Жастар» саябағында ағаш екті

Президент «Жастар» саябағында ағаш екті
Ақорда
Президент экобелсенділермен бірге ағаш отырғызды

Мемлекет басшысы «Жастар» саябағында ағаш екті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті.

Айта кетелік, «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабымызды толтырды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу