Президенттік шыршада балаларға ақшалай сертификаттар мен сыйлықтар табысталды
798
Қазақстандағы президенттік шырша: балаларға берілген сыйлықтардың ерекшеліктері
Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында өткен президенттік шырша балалар үшін ерекше сыйлықтармен есте қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Балаларға, негізінен, ақшалай сертификаттар табыс етілді. Бұл шара балаларға және жасөспірімдерге, әсіресе ата-анасыз қалған немесе көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған.
- Астанада балалар тәтті кулек, киім сатып алуға сыйлық сертификаты, энциклопедия және шоппер алды.
- Шымкентте балалар 120 мың теңгеге сертификат пен тәттілер жинағын алды.
- Абай облысында әр бала 120 000 теңгеге сертификат, тәттілер жиынтығы мен ойыншық алды.
- Ақмола облысында Президенттік шыршаға қатысушыларға 120 мың теңге сомасына ақшалай сертификаттар мен тәтті жиынтықтар табыс етілді.
- Ақтөбе облысында Президенттік шыршаға қатысушыларға 120 мың теңгеге сертификат, тәтті сыйлықтар, балаларға арналған энциклопедия, рюкзак және Президенттен ашықхат табыс етілді.
- Алматы облысында балаларға 120 мың теңге сомасына ақшалай сертификаттар, жаңа жылдық тәттілер мен шағын торттар табыс етілді.
- Атырау облысында оқушылар құттықтау хатын, арнайы сертификаттар мен Президенттің атынан тәттілер алды.
- Шығыс Қазақстан облысында шақырылғандарға 150 000 теңге сомасына сертификат, жұмсақ ойыншық және тәтті сыйлық табыс етілді.
- Жамбыл облысында балаларға құттықтау хаттары, тәттілер жиынтығы, 120 мың теңге сомасына сертификат берілді.
- Жетісу облысында Президент атынан әр қатысушыға құттықтау картасы, планшет, рюкзак және жаңа жылдық кулек табысталды.
- Қарағанды облысында әр бала телефон, рюкзак, тәтті жиынтық және энциклопедия алды.
- Қостанай облысында оқушыларға кәмпиттер сандығы, "сиқырлы елдің аңызы" кітабы және ұялы телефон сыйға тартылды.
- Қызылорда облысында балаларға планшеттер табысталды.
- Маңғыстау облысында балалар 120 мың теңгеден тәтті сыйлықтар алды.
- Павлодар облысында балалар Президент атынан ашықхат, 150 мың теңгеге сертификат, кітап, ойыншық және кәмпит алды.
- Түркістан облысында балаларға естелік хаттар, тәттілер, мектеп керек-жарақтарына арналған рюкзактар, қазақ ертегілері бар кітаптар, сондай-ақ 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар берілді.
- Солтүстік Қазақстан облысында әр оқушы планшет, кітап, тәтті сыйлық және Мемлекет басшысының құттықтауымен ашықхат алды.
- Ұлытау облысында оқушылар планшет алды.
Президенттік шырша әр аймақтағы балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап, ерекше естелік қалдырды. Бұл шара мемлекет тарапынан ерекше қамқорлықтың белгісі болып табылады.
Ақпарат informburo.kz сайтынан алынған.
Соңғы жаңалықтар
30.04.2026
22:34
«Дұғада болыңыздар!»: Қайсар Қамза өз жағдайына...
30.04.2026
21:42
Қазақстандықтар есту қабілеті нашар азаматтарды...
30.04.2026
20:45
Светлана Пак: Алмас Сұлтанғазин әкемнің Sulpak-...
30.04.2026
20:42
«20 балл жинасаң жүргізуші куәлігінен айырылас...
30.04.2026
20:01
СҚО-да әйел өз өзін өртемек болып, жансақтау бө...
30.04.2026
18:33
Нұрай Серікбайдың туыстары күдіктінің жақындары...