Президенттің жанында жұмыс істейді: үздік мобилограф анықталды
973
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы промо-ролик түсіруге арналған мобилографтар арасындағы байқау аяқталды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.
Түрлі әлеуметтік желілерде ұлы дала дүбірін жан-жақты насихаттап, белсенділік танытқан қатысушылардың барлығына ұйымдастырушылар атынан алғыс айтамын. Сайысқа қатысқан 2,5 мыңға жуық үміткердің ішінде алыс-жақын шет мемлекеттерден де атсалысқан азаматтар бар. Арнайы комиссия келіп түскен әрбір жұмысты мұқият қарай отырып, байқаудың қорытындысын шығарды. Сонымен Бас жүлде Берікбол Аймырзаға бұйырды! Екінші орынға Аманқұл Ерасыл ие болып, үздік үштікті Арман Тұрлыбеков қорытындылады. Руслан Абжал есімді қатысушының жұмысы төртінші орынға лайық деп танылды, - деп жазды Берік Уәли.Жүлде қоры төмендегідей. Гран-при:
- сапар немесе іс-шара барысында президенттің жеке мобилографы ретінде бір күн жұмыс істеу;
- мемлекет басшысының қолтаңбасы қойылған iPhone 15 Pro Max;
- мобилографияға арналған жабдықтар жиынтығы (жарық, микрофон);
- 1 000 000 теңге;
- президенттің грамотасы.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
23:32
Қаза тапқан матростың денесі таксимен жеткізілд...
25.09.2026
22:49
Тоқаев қаза болған сарбаздарды мемлекеттік нагр...
25.09.2026
21:46
Данияр Елеусінов тағы да дауға қалды: FlyArysta...
25.09.2026
21:23
Асхат Тарғын: "Мәрия арман едің" бейнебаянын Ди...
25.09.2026
21:03
Әкесі желіде тараған видеодағы сарбаздың тірі е...
25.09.2026
20:56
Нуранбекова зорланғаннан кейін туған баласы тур...