Прокурор ұлының еміне 1,3 млрд теңге жинаған ерлі-зайыптыны 7 жылға соттауды сұрады

25.12.2025 12:45 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Прокурор ұлының еміне 1,3 млрд теңге жинаған ерлі-зайыптыны 7 жылға соттауды сұрады
0
213
Фото: ашық дереккөз

Астанада қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта ерлі-зайыпты Дәулет пен Толқын Тотақановтарға қатысты іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz

Жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы ерлі-зайыптының әрқайсысын 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ прокурор жас баласының болуына байланысты Толқын Тотақановаға жазасын кейін өтеу мүмкіндігін беруді сұрады.

Іс материалдарына сәйкес, ерлі-зайыптыларға бір миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр. Ақша 2019 жылы туған ұлын емдетеміз деген желеумен, Қазақстан азаматтарынан жиналған. Алайда айыптау тарапының мәлімдеуінше, кейін бұл қаражат жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.

Астанадан үш пәтер, жер телімін, бес автокөлік сатып алуға, бренд киім-кешекке, шетелге сапарға және букмекерлік кеңселердегі ставкаларға жұмсалып кеткен. 

Тотақановтарға ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі көлемдегі алаяқтық), сондай-ақ 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру (жылыстату) бойынша айып тағылған.

Іс бойынша сот жарыссөзі жалғасып жатыр
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий