Мансабына арақ нүкте қойды: Өскеменде прокурор қызметінен қуылды

Өскемен қаласында прокурор мас күйінде көлік жүргізіп, бағанға соғылған соң жұмысынан айырылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы ШҚО прокуратурасына сілтеме жасап.
Оқиға 3 қазан күні болған. Белгілі болғандай, Өскемен қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Вилори Пан Борисович мас күйінде көлік айдап келе жатып, бағанға соғылып, кейін оқиға орнынан кетпек болған.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы бұл жағдай бойынша қызметтік тексеріс жүргізді. Нәтижесінде прокурордың әрекеті құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтіргені анықталды. Осыған байланысты ол «Құқық қорғау қызметі туралы» заңға сәйкес қызметінен босатылып, «1-сыныпты заңгер» шенінен айырылды.
Әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соттың шешімімен Вилори Пан кінәлі деп танылып, 20 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар, ол 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Соңғы жаңалықтар





