Путин Трамппен кездесетін жерді атады

Путин Трамппен кездесетін жерді атады
07.08.2025 17:38
0
383
Суретті түсірген Владимир Смирнов/Sputnik
Ресей Президенті Владимир Путин АҚШ басшысы Дональд Трамппен келіссөздер өткізетін ықтимал орынды атады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Владимир Путин Біріккен Араб Әмірліктерінің басшысымен өткен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Трамппен кездесуге қатысты пікір білдірді. Ол Біріккен Араб Әмірліктерінің келіссөздер өткізуге ең қолайлы орындардың бірі деп санайтынын жеткізді.

«Кездесуге екі тарап та мүдделілік танытты. Алғашқы болып қай тарап ұсыныс жасағаны қазір маңызды емес. Бізде мұндай шараларды ұйымдастыруға көмектесуге дайын достарымыз көп. Солардың бірі БАӘ Президенті. Менің ойымша, бұл мәселені шешеміз, бірақ бұл жер кездесу үшін өте қолайлы орындардың бірі болар еді», – деді Владимир Путин.

Сонымен қатар, Ресей басшысы Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуге қарсы емес екенін, бірақ ол үшін белгілі бір шарттардың жасалуы керектігін атап өтті.

«Өкінішке қарай, мұндай шарттарды жасауға әлі жетпедік», – деп қосты ол.

Айта кетейік, кеше Трамп Украинадағы соғысты тоқтату үшін Путинмен кездесетінін мәлімдеген болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий