Трамп Украинадағы соғысты тоқтату үшін Путинмен кездесетінін мәлімдеді

Трамп Украинадағы соғысты тоқтату үшін Путинмен кездесетінін мәлімдеді
07.08.2025 08:56
0
411
Сурет: Bloomberg
Трамп Украинадағы соғысты аяқтау үшін Путинмен кездесуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Ақ үйдегі өткен брифинг кезінде Трамп Владимир Путинмен кездесуі келесі аптада өтуі мүмкін екенін хабарлады. Оның айтуынша, келіссөздердің негізгі мақсаты Украинадағы соғысты аяқтау жолдарын талқылау.

Трамп жақында оның арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Мәскеуде Путинмен жақсы келіссөздер өткізгенін атап өтті. Сонымен қатар, АҚШ Президенті Ресеймен ынтымақтасатын елдерге қарсы жаңа санкциялар енгізу мүмкіндігін де жоққа шығармады.

Ақ үйдің хабарлауынша, Трамп тек Путинмен ғана емес, Украина президенті Владимир Зеленскиймен де кездесуге дайын. Тіпті үшжақты кездесу өткізу мүмкіндігі де қарастырылып жатқаны айтылады.

Өз кезегінде, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио кездесуді ұйымдастыру жұмыстары жалғасып жатқанын растады, алайда әлі де «жеңуді қажет ететін көптеген кедергілер» бар екенін жеткізді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий