Путин мен Тоқаев жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы мәлімдемеге қол қойды
439
Қазақстан мен Ресей Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.
Владимир Путин қазір Астанада мемлекеттік сапармен жүр. Барлығы 20 үкіметаралық, ведомствоаралық және коммерциялық құжаттарға қол қойылды. Тараптар сондай-ақ бірлескен мәлімдемеге қол қойды.Кремль сайтында жарияланған құжатта:
- Тараптар жария және ресми тұлғалардың өзара сенім мен екі елдің егемендігін құрметтеу рухына қайшы келетін жауапсыз мәлімдемелерін айыптайды.
- Тараптар неғұрлым әділ, теңгерімді және ашық халықаралық сауда жүйесін қалыптастыруға мүдделілік білдіреді.
- Тараптар Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарын газдандыру жобасын сапалы әрі тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтеді.
- Тараптар Кеңес халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 80 жылдығында салтанатты іс-шаралар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Соңғы жаңалықтар
18.07.2026
00:28
"Қыз жүкті болып қалған": Қазақстанда білмей ша...
17.07.2026
23:37
Хасен Қожа-Ахмет: Біз тек қытайлардың жаппай ке...
17.07.2026
23:25
Пойызда жолаушы көз жұмғаннан кейін жолсерік кү...
17.07.2026
22:18
Трамп Қытайға қатысты ауыр айып тақты
17.07.2026
21:23
«Жүргізушінің ағасы полиция қызметкері»: Алматы...
17.07.2026
20:43
Хасен Қожа-Ахмет: Орыс тіліндегі сөздер көне тү...