«Пышақ салып кеспеңдер»: Заманбек Нұрқаділовтің соңғы хаты жариялады
Әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің соңғы жазбаларын бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Заманбек Нұрқадіровтің 2005 жылы жазған соңғы өлеңдерінен үзінді» деп фото бөліскен.
"Өлсем ақ денемді пышақ салып кеспеңдер.
Сенесің бе? Бір өзіңнен басқа жаннан бір жақсылық көрмеппін...
Дарын қонған асыл жанға еркіндікті бермеппін...
"Махаббат бар" - жете деп қолды көп жыл сермеппін...
Мен жолыңды аша алмаппын, жібек жіппен кермеппін...
Дірілдеген әр әніңді моншақ жасап термеппін...", - деп жазылған өлең жолдарында.
Мақпал Жүнісоваға көпшілік жұбату сөздерін арнады.
"Әулие кісі болған екен-ау. Аманатын арқалап жүрген аңыз Әнші", "Мақпал сен бақыттысың. Елін сүйген, ел сүйген азаматтың жары болдың. Әттең әрине өмірінің қысқа болғаны өкінішті", "Өмірден өтерін сезген сияқты", "Өзінің оқыстан кететінін сезіп жүрген екен ғой ағамыз", "Ағамыздың жазуының кереметін ай!", - деп жады оқырмандар.
Соңғы жаңалықтар