«Қанға боялған күйде тапты»: Талғарда әйел күйеуінің қолынан мерт болды
Алматы облысының Талғар қаласына жақын орналасқан Рысқұлова ауылында әйел кісі қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.
Қылмысқа оның азаматтық некедегі күйеуі күдікті.
Ведомствоның мәліметінше, 14 қаңтар күні 45 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол Рысқұлова ауылының тұрғыны әйелді өлтірді деген күдікке ілінген.
Алдын ала деректерге сәйкес, отбасылық жанжал кезінде ер адам азаматтық некеде бірге тұрған әйеліне екі рет пышақ сұққан. Ауыр жарақат алған әйел бірнеше сағаттан кейін көз жұмған.
Полицияның хабарлауынша, жарақат алған әйелді туыстары тапқан. Оқиға орнына келген құқық қорғау органдары күдіктіні сол жерде ұстап, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша заң талаптарына сай процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Соңғы жаңалықтар