Қапшағай су қоймасы 10 жылда алғаш рет 100 пайыз толды
1524
Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы 10 жылда алғаш рет 100 пайыз толтырылып, 18 млрд текше метрден аса су жиналды, деп хабарлады politico.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Су қоймасы Қытай аумағынан бастау алатын трансшекаралық Іле өзенінің суын жинайды. Осы көктемде су қоймасына секундына 900 текше метрге дейін су келді. Мамандар мұны Тянь-Шань мұздықтарының еруімен және жауын-шашынның көп болуымен байланыстырады.
Соңғы рет Қапшағай су қоймасы 2014 жылы 100 пайыз толтырылды. Суару кезеңінің басынан бастап Шеңгелді ауылдық округінің 6 мың гектар егіс алқабына және Ақдала ауылдық округінде 28 мың гектарға су беріледі. Бүгінде аграршылардың сұранысы бойынша секундына 750 текше метр су жіберіледі, - деді Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Медет Керімжанов.
Қазір Қапшағай су қоймасында 16,2 миллиард текше метр су бар.
Соңғы жаңалықтар
11.08.2026
15:24
"Ақ көйлек кимеді": Сәкен Майғазиев бесік тойда...
11.08.2026
15:22
Немере інісі: Бауыржан Момышұлына 45 жасында бі...
11.08.2026
14:53
Сирияның экс-президенті Башар Асад өлім жазасын...
11.08.2026
14:24
Уролог: Тепсе темір үзетін жігіттердің өзінде ұ...
11.08.2026
14:13
"Ұсынысты қабыл алдым": Мөлдір Мұқан жақсы жаңа...
11.08.2026
14:11
Уролог: Ер адам жыныстық жолмен инфекция жұқтыр...