Қарағанды – Балқаш тасжолында аударылған көлікте үш адам қаза тапты

19.03.2026 09:37 Мөлдір Талғат
Қарағанды – Балқаш тасжолында аударылған көлікте үш адам қаза тапты
72
Фото: видеодан скриншот

Қарағанды – Балқаш бағытындағы тасжолда болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 18 наурыз күні республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды – Алматы автожолының бойында, Ақшатау кентінен шамамен 40 шақырым жерде тіркелген.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Chevrolet Cobalt автокөлігін басқарған 30 жастағы жүргізуші ұзаққа созылған бұрылыста рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кетіп, аударылған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Видео авторы жүргізуші рөлде қалғып кеткен болуы мүмкін екенін айтады.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ауа райы мен жол жағдайын ескеруге және белгіленген жылдамдықты асырмауға кеңес береді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий