Қарағанды облысында 17 жастағы мотоцикл жүргізушісі 8 жасар қызды қағып кетті
Жасөспірімнің жауапсыздығы қайғылы жағдайға ұласты
Қарағанды облысында 17 жастағы жасөспірімнің қатысуымен болған қайғылы жол-көлік оқиғасы бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға Көкпекті станциясы маңында, жергілікті тұрғындар «Солоничка» деп атайтын аумақта болған. Куәгерлердің айтуынша, 8 жастағы қыз жол жиегінде тұрған кезде мотоцикл оны қағып кеткен. Жүргізуші ретінде 17 жастағы жасөспірім анықталды.
Апат салдарынан бала оқиға орнында көз жұмған. Ал мотоцикл тізгіндеген жасөспірім де жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Полиция мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу басталды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған баланың мотоцикл басқаруына жол берген ата-анасына қатысты да заң аясында жауапкершілік қарастырылып жатыр.
Құқық қорғау органдары ата-аналарға балаларға мотокөлік басқаруға рұқсат бермеу керектігін ескертіп, мұндай жағдайлардың ауыр салдарға әкелетінін атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...