Қарағанды облысында 19 көлік бір-біріне соғылды
836
Қарағанды облысындағы жаппай апатқа жылдамдықты сақтамау себеп болды
Қарағанды облысында Қарағанды – Балқаш тасжолының 1630-шы шақырымында 19 көліктің қатысуымен жаппай жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
КазАвтоЖол мәліметінше, апат бүгін сағат 12:30 шамасында болған. Жолдың аталған учаскесінде таңғы 10:30-да көлік қозғалысы қайта ашылған.
Алдын ала деректер бойынша, апаттың негізгі себебі — көлік жүргізушілерінің жылдамдық режимі мен қауіпсіз қашықтықты сақтамауы.
Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен олардың жағдайы туралы қосымша ақпарат нақтылануда.
Жолда қауіпсіздікті сақтау және жылдамдықты бақылау қажеттігі туралы жүргізушілерге ескертілуде.
Соңғы жаңалықтар
29.09.2026
23:24
ҚАЗАҚСТАНҒА БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ҚАЖЕТ: Т...
29.09.2026
22:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Путин — Орталық Азия, Еур...
29.09.2026
21:29
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайерді ...
29.09.2026
20:38
Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналым...
29.09.2026
19:17
Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: Полиция фейк ақпар...
29.09.2026
17:47
Павлодарда кәсіпкерді аса қатыгездікпен өлтірге...