Қарағанды облысында 50 адам мінген автобус жолдан шығып кетті
Шахтинск маңында 50 жолаушысы бар автобус күтпеген жағдайға тап болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға Шахтинскіден шығаберіс жолда болған. Боран мен көктайғаққа байланысты автобус тізгінге бағынбай, жол жиегіне шығып кеткен. Салонда шамамен 50 жолаушы болған. Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ведомство жүргізушілерге үндеу жасап, боран, қатты жел мен көктайғақта аса мұқият әрі сақ болуды ескертті.
«Жылдамдық режимін, арақашықтықты сақтаңыздар, манёврді ойланбай жасаудан аулақ болыңыздар, ал мүмкіндік болса, алыс сапарларды кейінге қалдырыңыздар. Жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігіне тікелей байланысты», - деп мәлімдеді полиция.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...