Қарағанды облысында 50 адам отырған автобус аударылды
1153
Қарқаралы ауданы аумағында жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде вахталық автобус аударылып қалған. Көлік ішінде шамамен 50 адам болған.
Оқиға орнына Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары жедел жетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті.
Министрліктің мәліметінше, Қазавиақұтқару әуе кемесі арқылы үш адам Қарағанды қаласындағы медициналық мекемелерге жеткізілген.
Сонымен қатар, құтқарушылар мен дәрігерлердің сүйемелдеуімен тағы 30 адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.
Апаттық-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелерімен қатар Апаттар медицинасы орталығы, жедел жәрдем бригадалары және полиция қызметкерлері жұмылдырылған.
Соңғы жаңалықтар
20.08.2026
21:44
Дина Төлепберген: Менің өмірлік миссиям — 100 д...
20.08.2026
21:19
Жетім қызды зорлау оқиғасы: Дина Төлепберген кү...
20.08.2026
20:00
Курьер зорламақ болған қыз: «Саған енді ешкім ү...
20.08.2026
18:23
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішіндегі техникаларды ме...
20.08.2026
17:42
Маркиза: Басында Еркебұлан Тоқтардың кім екенін...
20.08.2026
16:51
Танымал актриса Айым Сейітметова ажырасып кетке...