Қарағанды – Жезқазған тасжолына 650 млрд теңге көлемінде шетелдік қарыз қаржы тартылады

15.04.2026 21:24 Қарақат АСЫЛОВА
Қарағанды – Жезқазған тасжолына 650 млрд теңге көлемінде шетелдік қарыз қаржы тартылады
296

Қазақстан Үкіметі Қарағанды мен Жезқазған қалаларын байланыстыратын ірі автожол жобасын жүзеге асыру үшін халықаралық қаржы институттарынан шамамен 650 млрд теңге көлемінде қарыз қаржы тартпақ, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады. Жобаны қаржыландыру туралы келісім Вашингтон қаласында өткен ресми сапар барысында Дүниежүзілік банк штаб-пәтерінде жасалды. Құжатқа «ҚазАвтоЖол» АҚ, Халықаралық қайта құру және даму банкі (МБРР) және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АБИИ) қол қойды.

Ұзындығы 570 шақырым болатын жол 2026–2029 жылдар аралығында салынады. Жоба Қазақстанның орталық өңіріндегі көлік инфрақұрылымын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және аймақтар арасындағы байланысты күшейтуге бағытталған.

Мамандардың айтуынша, жаңа автожол ел ішіндегі қатынасты едәуір жылдамдатып, жол қауіпсіздігін арттырады. Сонымен қатар, ол Астана – Қызылорда бағытындағы негізгі көлік дәлізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазір Қызылорда – Жезқазған бағытындағы жол құрылысы да жүріп жатыр. Бұл жобалар аяқталғаннан кейін елдің орталық және оңтүстік өңірлері арасында үздіксіз көлік қатынасы қамтамасыз етіледі.

Жоба аясында 240 көпір мен өткел, 28 жол айрығы және 447 шағын инженерлік құрылыс салу жоспарланған. Сондай-ақ, құрылыс кезінде 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

«ҚазАвтоЖол» өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер аяқталу сатысында, ал құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес басталмақ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий