Қарағандыда әйелге жарық бағаны құлап, көз жұмды

21.03.2026 17:38 Қарақат АСЫЛОВА
Қарағандыда әйелге жарық бағаны құлап, көз жұмды
295
Бір сәтте болған трагедия

Қарағанды қаласының 22-шағынауданында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Наурыз айының басында болған бұл жағдай туралы ақпарат тек қазір ғана белгілі болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 59 жастағы әйел жол жиегіне жақындап келе жатқан сәтте кенеттен жарық бағаны құлап, оны басып қалған. Оқиға орнында жедел жәрдем шақырылып, зардап шегуші ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Болжам бойынша, төтенше жағдайға арнайы техника жүргізушісі себеп болуы мүмкін. Айтылған нұсқалардың бірінде қоқыс таситын көлік бұрылған кезде кабельді іліп кетіп, соның салдарынан баған құлағаны көрсетіледі. Алайда жүргізуші жұмыс істейтін компания бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Компания өкілдерінің айтуынша, көлік пен бағанның арақашықтығы шамамен 15 метр болған. Сондай-ақ кабельдің үзілмегені анықталған. Тексеру барысында бағанның ішкі арматурасы толықтай шіріп кеткені белгілі болған. Сондықтан мамандар оның кез келген сәтте, тіпті қатты желдің әсерінен де құлауы мүмкін екенін айтады.

Қайғылы жағдайға байланысты қоқыс шығаратын компания жерлеу шығындарын өз мойнына алған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, жан-жақты тергеу жүргізілуде. Тергеу нәтижесіне сәйкес, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий