Қарағандыда көз жұмған бала: Денсаулық сақтау министрлігі ресми мәлімдеме жасады

18.04.2026 17:30 Қарақат АСЫЛОВА
Қарағандыда көз жұмған бала: Денсаулық сақтау министрлігі ресми мәлімдеме жасады
245

Қарағанды облысындағы ауруханада көз жұмған балаға қатысты жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ведомство мәліметінше, науқас инфекциялық орталыққа ауру басталғаннан кейін екінші тәулікте жеткізілген. Алайда баланың жағдайы сол сәттің өзінде өте ауыр болған. Кейін денсаулық жағдайы күрт нашарлап, ол жансақтау бөліміне ауыстырылған.

Тексеру барысында дәрігерлер баланың ағзасында бактериялық, вирустық және саңырауқұлақ инфекцияларының қатар жүрген күрделі түрі анықталған. Сонымен қатар, науқаста айқын иммунитет тапшылығы болғаны және туғаннан бері екпе алмағаны да көрсетілген. Бұл факторлар ағзаның инфекциямен күресу қабілетін айтарлықтай әлсіретіп, емдеу тиімділігіне кері әсер еткен.

Министрліктің хабарлауынша, медициналық көмек қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес толық көлемде көрсетілген. Ем тактикасы бірнеше рет республикалық деңгейдегі мамандар қатысқан консилиумдарда қаралған. Оған бас штаттан тыс балалар инфекционисі, пульмонолог және реаниматологтар қатысқан. Соған қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

Қазір бұл оқиға бойынша жан-жақты тексеру басталды. Процеске тәуелсіз сарапшылар тартылып, медициналық көмектің сапасына объективті баға берілмек.

Сондай-ақ министрлік БАҚ пен блогерлерді тек ресми дереккөздерге сүйенуге, расталмаған ақпарат таратпауға шақырды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий