Қарағандыда құдық тазалап жатқан 2 жұмысшы жантүршігерлік жағдайда көз жұмды

Қарағандыда құдық тазалап жатқан 2 жұмысшы жантүршігерлік жағдайда көз жұмды
Фото: freepik.com

Қарағандыда екі жұмысшы құдықты тазалау кезінде қаза болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Қарағандыда коммуналдық қызметтің екі жұмысшысы құбыр құдығын тазалау жұмыстары кезінде қаза болды. Әзірге толық емес мәлімет бойынша, 29 және 46 жастағы жұмысшылар құбырда жиналып қалатын улы газдан уланған болуы мүмкін. Полиция қылмыстық іс қозғады. 

Ресми мәлімет бойынша, 2025 жылдың басынан бері Қазақстанда өндіріс орындарында 293 жұмысшы зардап шеккен, 40-ы қаза болған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу