Қарағандыда жұртты дүрліктірген «Зеленский» көшесі қайдан шықты: әкімдік жауап берді

30.09.2026 • 18:00 Әсел МҰРАТ
Қарағандыда жұртты дүрліктірген «Зеленский» көшесі қайдан шықты: әкімдік жауап берді
254
Фото: instagram/vk_gazeta

Қарағандыда Пришахтинскідегі үйлердің бірінде «Зеленский» деген жазуы бар мекенжай тақтайшасы байқалды. Желіде тараған суреттен соң Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімдігі қателікке жол берген мердігер ұйым оны түзетуге кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ерекше тақтайша туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған.  Көше атауы көрсетілген тақтайшалардың бірі бекітілген ресми атауға сәйкес келмеген. Желі қолданушылары тақтайшадағы атауды бірден Украина президенті Владимир Зеленскиймен байланыстырып, қалада оның құрметіне көше аталған ба деп болжаған.  

Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімдігі бұл қателікті мекенжай тақтайшаларын орнату барысында мердігер ұйым жібергенін хабарлады.

«Қате анықталғаннан кейін дұрыс орнатылмаған мекенжайлық тақтайшалар сол күні-ақ алынып тасталды. Оларды ауыстыру және қайта орнату жұмыстары мердігер ұйымның есебінен жүргізіледі», – деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.

Анықталған қателікті жою бойынша жұмыстар бақылауға алынған. 

Аудан әкімдігі мекенжай тақтайшаларын бекітілген атауларға сәйкестендіру жұмыстары жіті қадағаланатынына сендірді.

Войдите, чтобы оставить комментарий