Қаратау ауданының әкімі жазаланды

15.04.2026 09:49 Арман Ермеков
Қаратау ауданының әкімі жазаланды
652
Фото: gov.kz

Футбол алаңында адам ұрған видеосы тарап дауға қалған Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаев тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қалалық мемлекеттік қызмет істері агенттігі шенеунікке қызметіне толық сәйкес келмеуі туралы ескерту берілгенін жеткізді. Бұл шешімді әдеп жөніндегі комиссияның ұсынысы негізінде Шымкент әкімі қабылдаған.

Еске салсақ бұған дейін желіде аудан әкіміне ұқсайтын ер адамның футбол алаңында біреуді ұрып жатқан бейнежазбасы тараған болатын. Осы оқиға БАҚ беттерінде жарияланған соң шенеунікке қатысты тәртіптік іс қозғалып арнайы қызметтік тергеу жүргізілді.

Жиналған материалдарды қараған әдеп комиссиясы Алмас Абаевтың әрекетінде мемлекеттік қызметші әдебін бұзу фактісі бар деген қорытынды шығарды. Қала әкімдігі аппараты тәртіптік жаза қолдану туралы өкімге 2026 жылдың 6 сәуірінде қол қойылғанын растады.

Департамент өкілдері бұл оқиға бойынша басқа қосымша тексеріс болмағанын алға тартты. Алдағы уақытта мұндай заңбұзушылықтарға қайта жол бермеу үшін қаладағы барлық мемлекеттік органдарға қызметшілердің әдеп кодексін қатаң сақтау қажеттігі туралы ескерту хат жіберілді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий