Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті
1339
Тоқаев Путинге не айтты?
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Politico.kz.
Әңгімелесу барысында Ресей басшысы Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдауға арналған жалпыұлттық референдумның табысты өткеніне байланысты құттықтауын жеткізді. Тараптар екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысы Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызына тоқталып, оның стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Өз кезегінде Ресей Президенті алдағы Астана қаласында өтетін келіссөздердің маңыздылығын қолдап, екіжақты ынтымақтастықтың барлық негізгі бағыттар бойынша дамып келе жатқанын айтты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.10.2026
21:26
Яндекс сервистері неге дұрыс істемей жатыр? Ком...
09.10.2026
20:20
Ақмола облысында жер бөлу кезінде жалған анықта...
09.10.2026
19:52
Каспий табиғатын сақтау мақсатында халықаралық ...
09.10.2026
19:35
"Бетім көгермесін деп иығымды тостым". Тележүрг...
09.10.2026
19:28
Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасылары...
09.10.2026
18:55
Бірнеше рет оқ атылған: Алматыда иттер панасыны...