Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті

24.08.2026 20:17 Қанат Айбар
Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті
55
Фото: Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Politico.kz.

Әңгімелесу барысында Сербия басшысы Қазақстан Президентін Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, елдегі реформалар азаматтар тарапынан жоғары қолдауға ие болғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы серб әріптесіне ризашылығын білдіріп, Қазақстанда қолға алынған ішкі саяси өзгерістер мен саяси жүйені ауқымды трансформациялаудың тарихи мәніне тоқталды.

Сондай-ақ тараптар қазақ-серб қарым-қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Президенттер екіжақты серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанына көңіл толатынын айтып, іскерлік байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделі екендіктерін жеткізді. Энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

Войдите, чтобы оставить комментарий