"Қасыңда әкім байың болса, бәрі жиналады екен": Мақпал Жүнісова ащы шындықты айтты

Халықтың сүйікті әншісі Мақпал Жүнісова жаңа «Достарым» атты әнінің тұсаукесерінде достық ұғымының шынайы мәніне тоқталып, көпшілікпен шын жүректен ой бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өнер иесі өмір жолында кездескен тәжірибелеріне сүйене отырып, адамның басына қиындық түскен сәтте шынайы достың кім екенін тануға болатынын айтты. Оның айтуынша, жылдар өте келе айналаңдағы адамдар азайып, көпке сеніп келген достардың көпшілігі уақыт өте алыстап кететінін байқауға болады. Әсіресе, жанында шенеунік не бай адам болғанда, адамдардың сол жаққа бет бұрып, жақсылық пен қуанышқа ортақтасуға ұмтылатынын, ал қиын сәтте көпшіліктің үнсіз қалатынын әнші ашық жеткізді.
«Шын дос – тек қуанышта емес, қиындықта да жанынан табылатын адам», – деген Мақпал Жүнісованың сөзі көрерменге терең ой салды. Бұл пікір әлеуметтік желіде кең талқыланып, екі түрлі көзқарас тудырды. Кейбір желі қолданушылары оның шынайылығы мен батылдығына тәнті болып, өмірлік ақиқат айтылғанын жеткізсе, енді біреулері сахна мәдениеті мен концерт форматында мұндай жеке пікір айту орынсыз деген көзқарастарын білдірді.
Дегенмен, Мақпал Жүнісованың тыңдарманымен ашық әрі адал сөйлесуі, өмірлік шындықты жасырмай бөлісуі оны тек өнер адамы ретінде ғана емес, елмен бір толқында өмір сүретін жан ретінде де танытты.
Соңғы жаңалықтар





