“Қатарластарын теракт жасауға шақырған”: Шымкентте сарбазға сот үкімі шықты

10.05.2026 15:44 Қарақат АСЫЛОВА
“Қатарластарын теракт жасауға шақырған”: Шымкентте сарбазға сот үкімі шықты
1004
Шымкентте сарбаз терроризмді насихаттады деген айыппен сотталды

Шымкент гарнизонының әскери сотында мерзімді әскери қызметтегі сарбазға қатысты резонансты іс қаралды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол әскери бөлім ішінде террорлық әрекеттерді насихаттап, діни араздықты қоздырды деген айыппен сотталды.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2001 жылы туған Имран есімді азамат әскерге дейін радикалды көзқарастарға қызығушылық танытқан. Қызмет барысында ол кейбір әскери қызметкерлер арасында экстремистік идеяларды таратып, зорлық-зомбылыққа үндейтін сөздер айтқан.

Қауіпсіздік органдары оның әрекетін бақылауға алып, кейін іс сотқа жолданған. Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындамай, айтылған сөздерін “қалжың” деп түсіндірген. Бірақ тергеу ұсынған аудио дәлелдер сот шешіміне негіз болған.

Нәтижесінде сот оны кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтіні белгілі болды.

Бұдан бөлек, сот әскери бөлім басшылығына осындай оқиғалардың қайталануына жол бермеу туралы арнайы ескерту жасаған.

Қазіргі уақытта үкім әлі заңды күшіне енбеген.

Войдите, чтобы оставить комментарий