“Аспанда жойқыш ұшақтар ұшады”: Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Астанада 15 мамыр күні Әуе қорғаныс күштерінің жоспарлы шаралары аясында жойғыш ұшақтардың көрсетілімдік ұшуы өтеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі қала тұрғындары мен қонақтарына алдын ала ескерту жасады. Ведомство мәліметінше, іс-шараға дайындық жұмыстары 10 мамырдан басталып, елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары жүргізіледі.
Министрлік өкілдері барлық ұшулар қауіпсіз биіктікте өтетінін және қала өмірінің қалыпты ырғағына айтарлықтай әсер етпейтінін атап өтті. Дегенмен, жаттығу және көрсетілім кезінде қысқа уақыттық шу деңгейінің жоғарылауы мүмкін екені ескертілді.
Қорғаныс министрлігі тұрғындардан түсіністік танытуды сұрап, барлық ұшулар қатаң қауіпсіздік талаптарына сай ұйымдастырылатынын және халыққа ешқандай қауіп төндірмейтінін жеткізді. Сондай-ақ, қолданылатын түрлі-түсті түтіндер тек көрнекілік мақсатта пайдаланылып, қоршаған ортаға зиян келтірмейтіні айтылды.
Соңғы жаңалықтар