«Қатты қорықтық»: БАӘ-дегі қазақстандықтар елге қалай жетті?

04.03.2026 19:02 Қарақат АСЫЛОВА
«Қатты қорықтық»: БАӘ-дегі қазақстандықтар елге қалай жетті?
351
314 адам шұғыл рейспен жеткізілді

4 наурыз күні Алматы халықаралық әуежайы қазақстандықтарды қарсы алды. Арнайы ұйымдастырылған рейс арқылы Оманға жіберілген отандастарымыз аман-есен елге жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.

DV5361 рейсі Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша ұшып, жалпы саны 314 жолаушыны, оның ішінде балаларымен бірге отбасыларды туған жерге алып келді. Жақын уақытта тағы бір ұшақтың қонуы күтілуде онда 230 қазақстандық бар.

Әуежайдың келу залында жолаушыларды туыстары мен жақындары қарсы алды. Ұзақ әрі алаңдаушылыққа толы күндерді бастан өткерген азаматтар шаршағанымен, елге аман жеткендеріне қуанышты. Көпшілігі эмоциясын жасыра алмай, көз жасына ерік берді.

«Өте қорқынышты болды. Белгісіздік қатты алаңдатты. Ең бастысы – елге аман оралдық», – дейді эвакуацияланған жолаушылардың бірі.

Арнайы рейс қауіпсіздік шараларын сақтай отырып ұйымдастырылған. Құзырлы органдардың мәліметінше, шетелде қалған қазақстандықтарды елге қайтару жұмыстары жалғасуда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий