"Қайрат" футбол клубы қаралы хабар таратты

01.12.2025 10:56 Мөлдір Талғат
0
112
Фото: ФК "Қайрат". Суретте: Кирилл Кекер

«Қайрат» футбол клубы қаралы хабар таратып, 46 жасында Академия басшысы Кирилл Сергеевич Кекердің күтпеген жағдайдан қайтыс болғанын мәлімдеді, деп жазады POLITICO.KZ.

Бұл суыт жаңалық қазақстандық футбол қауымын терең күйзеліске салды. Он жылдан астам уақыт бойы клуб жүйесінің маңызды бөлігіне айналған Кекер «Қайрат» академиясының құрылуына және дамуына, жас ойыншылардың қалыптасуына үлкен үлес қосты. Ол талапшыл әрі әділ маман, әр футболшыға жекелей қарауды білетін, қиын сәтте қолдау көрсететін ерекше тәлімгер ретінде есте қалды. Кекер клубта бірнеше лауазымды атқарған: 2022–2024 жылдары басты команданы басқарса, 2025 жылдан бастап Академияға жетекшілік етіп, Қазақстан U-19 құрамасымен бірге жаңа буын спортшыларын тәрбиелеуді жалғастырып жүрген еді. Оның кәсібилігі, көзқарасы мен еңбекқорлығы қазақ футболының тарихында өшпес із қалдырды. «Қайрат» футбол клубы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтып, оның жарқын бейнесі мен елге сіңірген еңбегі әрдайым жадымызда сақталатынын жеткізді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий