Қайрат Нұртастың қызы Алау өзін сынағандарға жауап берді

16.02.2026 14:11 Мөлдір Талғат
Қайрат Нұртастың қызы Алау өзін сынағандарға жауап берді
238
Фото: ашық дереккөз

Қайрат Нұртастың қызы Алау әлеуметтік желідегі парақшасында өзін сынайтындарға жауап берді. Жас блогер Instagram-да видео жариялап, күн сайын түрлі жағымсыз пікірлер еститінін айтты,деп хабарлайды Politico.kz.

Оның сөзінше, желі қолданушылары «мынау ұят», «осы жаста ашық киінуге болмайды», «ата-анасы біле ме?», «әдемі емес», «тәрбие жоқ» деген секілді ауыр сөздер жазады. Алау мұндай пікірлердің көбін 40–50 жастан асқан адамдар қалдыратынын атап өтті.

«Шын ұят қайсы? Өз өмірімен айналысқан жас қыз ба? Әлде интернетте отырып, жасөспірімді қорлап, ар-намысына тиетін ересек адам ба? Біз – өсіп келе жатқан ұрпақпыз. Бізді қолдау керек, түсіну керек. Ал сіздер бізді қорлайсыздар. Сынды “тәрбие” деп жасырасыздар. Есіңізде болсын: сөз – өте қауіпті қару. Сіз жазған жай пікір біреу үшін жара болуы мүмкін. Ұят – мен емес. Ұят – ересек адамның баланы кемсітуі», – деді ол.

Жас блогерге бағытталған теріс пікірлерге қатысты оның әжесі, танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова да үн қатты.

«Алау қызымның жүрегіне кейбіреулердің мұқатуы шынымен ауыр батты. “Пәленшенің немересі, түгеншенің қызы” деп тиісу де аз болған жоқ. Қандай перзентіміз болса да, ішкі дүниесі адал болсын. Сырт көзге сыпайы көрінгенімен, іші басқа адамдар да бар. Бастысы – ұрпағымыз екіжүзді болмасын. Бізде біреу алға шықса, аяқтан тарту көп. Бұйырса, Алау жалынды, қайсар қыз болып, ел мақтанышына айналсын», – деп жазды ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий