Қайрат Нұртастың «сыңары» табылды

Қайрат Нұртастың «сыңары» табылды
Фото: Instagram/kair_n. Суретте: Қайрат Нұртас

Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртасқа қатты ұқсайтын ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Желі қолданушылары мұндай ұқсастыққа таңғалып, роликті белсенді түрде бөлісіп жатыр.

Видео авторы да өзінің танымал әртіске ұқсайтынын жақсы түсінетін секілді – роликке Қайрат Нұртастың әнін қосып қойыпты.

Әлеуметтік желідегі жұрт видеоны қызу талқылап жатыр.

«Ауыл араласаң, сені Қайрат деп ойлайды, бауырым», «Қайраттың туған бауырлары да бұлай ұқсамайды!», «Ойбай, Қайраттың дәл өзі ғой!», «Аз ғана ақша салсаң, Қайраттың өзі болады», «Қайрат Нұртастың эконом-нұсқасы», «Қандай ұқсастық! Сенің Қайратпен кездесуіңді күтеміз», — деп жазды олар.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу