«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчына билеттер қалды ма? Клуб мәлімдеме жасады
608
«Қайрат» ФК баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы мадридтік «Реалға» қарсы матчқа билеттер толықтай сатылып кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Сатылым 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де басталып, жарты сағат өтпей жатып-ақ сайттағы кезек 130 мың адамға жеткен.
Билеттер Qairat SuperApp қосымшасы, клубтың ресми сайты, сондай-ақ Ticketon және Freedom платформалары арқылы таратылды. Дегенмен, көптеген жанкүйерлер оларды сатып ала алмағанын айтып шағымданды.
УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі тарихи ойын 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Алматының Орталық стадионында өтеді. Стадионға кіру есіктері сағат 18:45-те ашылады. Кіру үш жақтан болады: Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі және Байтурсынов көшесі арқылы.
Соңғы жаңалықтар
05.09.2026
17:36
Қарағанды облысында жөндеу жұмыстары кезінде ек...
05.09.2026
17:12
Бауыржан Байбекті қарамағындағы адам тонап кетті
05.09.2026
16:26
«Діни сауаттылық қажет»: Мөлдір Әуелбекова Баян...
05.09.2026
15:13
Қазақстанның үш облысында әскери техника қозғал...
05.09.2026
14:09
СҚО-да 89 жастағы әйел балтамен өлтірілген: Күд...
05.09.2026
13:58
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының о...