Қайын жұртын қырып тастаған Сәрсемалиевтің ісіндегі хакер туралы тың дерек шықты
203
Атырауда қайын жұртын өлтірген Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты әлеуметтік желіде ақпарат таратқан хакердің ісі сотқа жолданды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Вице-министрдің айтуынша, күдікті Түркиядан экстрадиция арқылы Қазақстанға жеткізілген. Тергеу аяқталып, қылмыстық іс сот қарауына жіберілген.
«Ол ешқандай деректер базасын бұза алмайды. Өзі алған және жариялаған мәліметтердің барлығын біздің қызметкерлерден алған», – деді Санжар Әділов.
Министр орынбасары ақпараттың таралуына қатысы бар қызметкерлердің де жауапқа тартылып, тиісті жазасын алғанын айтты.
Сонымен қатар аталған азаматқа қатысты алаяқтық деректері бойынша бірнеше эпизодпен тергеу жүргізілген. Қазір оған алаяқтыққа қатысты 12 эпизод бойынша айып тағылған.
«Тергеу аяқталды, іс қазір сот өндірісінде. Өкінішке қарай, осыған байланысты бұдан артық ақпарат бере алмаймын», – деді ІІМ вице-министрі.
Соңғы жаңалықтар
30.09.2026
16:36
Оралда автобус пен аялдама өртенді
30.09.2026
16:30
Қайын жұртын қырып тастаған Сәрсемалиевтің ісін...
30.09.2026
15:36
Эдуард Полетаев: Орталық Азия экономикасының жа...
30.09.2026
15:32
Flydubai ұшағындағы төтенше жағдайдың мән-жайы ...
30.09.2026
15:20
Дәрігерлерді қорғау үшін арнайы заң әзірлеу ұсы...
30.09.2026
15:03
Алматыда 9 жасар балаға зорлық жасалғаны туралы...