"Қайырлы таң тілемегені үшін": Ер адам үш жастағы ұлын ұрып өлтірді
Бразилияның Виамао қаласында 33 жастағы ер адам өзінің 3 жасар ұлын аяусыз соққыға жығып, соңы өлімге әкелді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ауыр халдегі баланы ауруханаға әкесінің өзі жеткізген. Дәрігерлер кішкентай баланың денесінен көптеген жарақаттарды анықтағанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні бірден тұтқындады.
Тергеу барысында ұсталған азаматтың АҚШ-тан келген миссионер екені белгілі болды. Ол кінәсін толық мойындап, мұндай қадамға баласының өзіне амандаспай, қайырлы таң тілемегені үшін барғанын айтты. Ол ұлын кеудесі мен ішінен жұдырықпен ұрып, кейін басымен жерге соққан.
Тексеріс кезінде отбасының 5, 7 және 9 жастағы өзге 3 баласы да тұрақты түрде зорлық-зомбылық көріп келгені анықталды. Қазіргі уақытта олар отбасынан алынып, арнайы мекемеге орналастырылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...