"Қазақ тілін білу - плюс": abr мейрамханалар желісі дауға қалды

20.04.2026 12:18 Арман Ермеков
97
Фото: facebook.com/abrest

HeadHunter (hh) жұмыс іздеу платформасында қазақ тілін білуді міндетті емес, тек қосымша артықшылық ретінде көрсеткен отандық abr мейрамханалар желісі дауға қалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Forbes Kazakhstan журналының биылғы тізімінде 67 орында тұрған кәсіпкер Асқар Байтасов негізін қалаған бұл компания 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінде Алматы мен Астанада 50 шақты мейрамханасы бар желіде 1500 қызметкер істейді, ал жылына 7 млн қонаққа қызмет көрсетеді.

Компания hh сайтында 79 бос жұмыс орнын ұсынған, соның ішінде даяшы іздеген бір хабарландыру көпшіліктің наразылығын тудырды. Жұмыс беруші қызметкерлерге орыс тілінде сауатты сөйлеуді басты талап етіп қойып, ал қазақ тілін білуді тек "плюс" ретінде көрсеткен.

Фото: threads.com/@equinoxkz

Бұл жағдай Threads желісінде қызу талқыға түсіп, оқырмандар мейрамханаға бойкот жариялауды бастап кетті.

«Соған қарағанда егер мен abr мейрамханасына клиент болып келсем, мемлекеттік тілде қызмет алуым екіталай ма?», - деп сұрады желі қолданушыларының бірі.

«Осы желінің қай мейрамханасына бармасам да үнемі тіл жайлы ескерту айтып кетемін. Айтпай кеткен кезім болмаған. Басшысынан бастап, ең соңғы қызметкеріне дейін қазақ тілі мәселесін елемейді», - деп жазды тағы бір оқырман.

«Қазахстанда жүріп қазақ тілі “ПЛЮС” болады екен ! Демек, қазақ тіліміздің еш құны болмағандығы ма?», - деп пікір қалдырды жұрт.

Қазіргі уақытта бос жұмыс орны туралы хабарландырудан бұл даулы талап алынып тасталды. Осы жағдайға байланысты редакция компаниядан жауап алу үшін сауал жолдады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий