Қазақ журналистикасы қара жамылды: Белгілі қаламгер қайтыс болды
Белгілі жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облысындағы өкілі, Қазақстанның Құрметті журналисі Жанұзақ Аязбеков дүниеден озды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қаралы хабарды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі растады. Ведомство марқұмның отбасы мен жақындарына, әріптестері мен оқырмандарына көңіл айтып, оның қазақ журналистикасы мен әдебиетіне сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.
Жанұзақ Аязбеков еңбек жолын Қостанай облыстық телерадио саласында бастап, кейін өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында ұзақ жылдар қызмет етті. Ол журналистикадағы кәсіби шеберлігімен қатар, публицистикалық және әдеби шығармаларымен де көпшілікке кеңінен танылды.
Қаламгердің ұлттық руханиятты дамытуға қосқан үлесі жоғары бағаланып, шығармашылық мұрасы мен өнегелі өмір жолы кейінгі буынға үлгі болып қала беретіні айтылды.
Жанұзақ Аязбековтің есімі қазақ әдебиеті мен журналистикасының тарихында өзіндік орны бар тұлғалардың бірі ретінде ел жадында сақталмақ.
Соңғы жаңалықтар