Каспийдегі оқу-жаттығуда аман қалған Никита Удалов Оралға оралды
345
Маңғыстаудағы оқу-жаттығуда аман қалған сарбаз Никита Удалов туған жері Оралға келді, деп хабарлайды Politico.kz.
Батысқазақстандық сарбазды 5 қазанда әуежайдан туыстары мен достары күтіп алды. Ол Instagram парақшасында анасымен бірге түскен суретін жариялап, елге оралған қуанышымен бөлісті.
«Ана – қандай жағдай болса да, сені күтіп жүретін адам», – деп жазды Никита Удалов.
Әлеуметтік желі қолданушылары сарбазға ізгі тілектерін білдіріп жатыр. Бұған дейін оның отбасы көпшілікке үндеу жасаған еді.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметшіні ағыс алып кеткен. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі тірі қалған.
Аман қалған үш сарбазға әскери борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін «Ерлігі үшін» медалі табысталды. Үшеуі де мерзімді әскери қызметін толық аяқтап, үйлеріне қайтты.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
09:12
Қазақстанда екі вице-министр қызметінен босатылды
06.10.2026
08:40
Каспийдегі оқу-жаттығуда аман қалған Никита Уда...
06.10.2026
08:15
Астанада автотұрақта тұрған бірнеше көлік түгі ...
06.10.2026
08:01
«Соғысқа жіберу басталды, 3 күн қалды»: Ресейде...
05.10.2026
23:11
Өскемендегі дәмханалардың бірінде полиция қызме...
05.10.2026
21:57
«Барыс» буллит сериясында «Спартакты» жеңіп, мә...