«Қазақмыс» геологиялық барлау саласына $18,2 млн инвестиция құйып, жасанды интеллектіні іске қосты

03.07.2026 12:07 Абзал БАХЫТЖАНОВ
«Қазақмыс» геологиялық барлау саласына $18,2 млн инвестиция құйып, жасанды интеллектіні іске қосты
72
Фото: KAZAKHMYS

Биыл «Kazakhmys Barlau» кәсіпорны геологиялық барлау жұмыстарына жасанды интеллект пен жаңа цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды Politico.kz.

Компанияның стратегиялық мақсаттарының бірі саналатын минералдық-шикізат қорын дамыту аясында биыл 20 түрлі бастама іске қосылды. Геоақпараттық жүйелерді, үшөлшемді модельдеуді және жасанды интеллектіні қамтитын бұл бағдарламалардың жалпы инвестициялық қоржыны $18,2 млн құрайды. Жаңашылдықтар кен орындарын дәл болжауға, тиімді шешімдер қабылдауға және геологиялық деректердің сапасын барынша арттыруға септігін тигізеді.

Қазіргі уақытта цифрлық технологиялар дерек жинау, керндерді зерттеу, бұрғылау құрылғыларын қадағалау және цифрлық модельдерді әзірлеу сияқты негізгі процестердің барлығында қолданылып жатыр. Кәсіпорын бірыңғай цифрлық орта құрып, 50 техниканы онлайн-бақылау жүйесіне қосты. Сонымен қатар шалғайда орналасқан нысандарды тұрақты байланыспен қамтамасыз ету үшін Starlink спутниктік желісі іске қосылуда.

Ал Жезқазған қаласындағы геологиялық кластер базасында ANCORELOG және LithoLens сияқты арнайы жасанды интеллект кешендері жұмыс істей бастады. Кешенді түрде цифрландыру өндірістік тәуекелдерді азайтып, маңызды шешімдерді жылдам қабылдауға жол ашады. Бұл процестердің барлығы минералдық-шикізат базасын тиімді әрі жүйелі толықтыруға тікелей әсер етпек.

Войдите, чтобы оставить комментарий