Қазақмыс пен «Алматы» ӘКК ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

02.05.2026 13:04 Арман Ермеков
Қазақмыс пен «Алматы» ӘКК ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
62
Фото: KAZAKHMYS

Астанада «Қазақмыс» пен Алматы әкімдігіне қарасты компания басшылары кездесіп, отандық өндірісті дамытуға бағытталған маңызды құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Politico.kz.

Астана қаласында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі мен «Алматы» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Марат Байдурин өзара ынтымақтастық туралы меморандум бекітті. Бұл құжат Алматы қаласы мен Ұлытау облысының экономикасын көтеріп, жергілікті өндірушілерге жан-жақты қолдау көрсету мақсатында жасалып отыр.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша корпорация қазақстандық кәсіпкерлерден 577 млрд теңгеге тауар мен қызмет сатып алған. Оның ішінде 152 млрд теңге көлеміндегі тапсырыс тікелей Алматы қаласының кәсіпорындарына берілді.

Енді жаңа келісім аясында «Қазақмыс» тобы «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС резиденттерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Екі тарап отандық өнімді сатып алу үлесін арттырып, шикізатты қайта өңдеу саласын дамытуды және жоғары құнды тауарлар шығаруды ортақ жоспарға енгізді.

Қазіргі уақытта Алматыдағы индустриялық аймақта жалпы құны 884 млрд теңге болатын 147 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде 57 кәсіпорын жұмысын толық бастап кеткен. Биыл қосымша 10,3 млрд теңгенің тағы 8 жаңа жобасын іске қосу жоспарланған. Жаңа келісім елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтып, өткізу нарығын кеңейтуге зор мүмкіндік береді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий